Меню KDT
введите текст

введите текст

  • Осы айда 476
  • Осы аптада 99
  • Кеше 17
  • Бүгін 6
  • Онлайн 0
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

🔷 БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

📢 ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін күшейтті.

📅 2020 жылдың қаңтарынан бастап әр өңірдегі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін ҚР БҒМ жанындағы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарлары үйлестіруде.

📌 Директор орынбасарларының негізгі міндеттері балалар мен ата-аналарға құқықтық жұмыстар жүргізу, балаларға арналған ұйымдарға бару, олардың қызметіне мониторинг жүргізу, бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

📌 Бекітілген лауазымды адамдар жергілікті жерлерде білім беру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысып, белсенді түрде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен, Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен  өзара әрекет жасайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмектеседі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамына кіреді.

📌 Балалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда Департамент директорларының орынбасарларына жүгінуге болады.

📌 Төменде еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорлары орынбасарларының байланыс телефондары көрсетілген.⤵️

🔸 Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департамент басшылары орынбасарларының тізімі.✅

Loading...