Меню KDT
введите текст

введите текст

  • Осы айда 454
  • Осы аптада 87
  • Кеше 8
  • Бүгін 0
  • Онлайн 0
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) резолюция қабылдап, барлық елдерге 1956 жылдан бастап Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін атап өтуді және оны бүкіл әлемдегі балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға арнауды ұсынды. Бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қараша.

20 қараша күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1959 жылдың дәл осы күні Бас Ассамблея Бала құқықтары туралы декларацияны қабылдады.

Құжат 10 негізгі қағидаларды біріктіріп, «балаларға бақытты балалық шақ беруді» негізгі мақсат етіп жариялады.

 Осы мақсатқа жету үшін ол барлық азаматтарды тиісті заңнаманы және басқа шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын құрметтеуге шақырады.

ҚазақстанРеспубликасы бала құқықтарытуралыконвенцияны 1994 жылыратификациялады. Біздің елімізде Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне сәйкес балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Іс-шаралар 2020 жылдың 20 қазанынан 2020 жылдың 20 қарашасына дейін жалғасады.

Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» іс-шараларын ұйымдастыру қажеттілігі БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» конвенциясының, «Қазақстан - 2050» Стратегиясының, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына жолдауының міндеттеріне негізделген.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету - Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыру мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуының дәлелі.





Loading...