Меню KDT
Мектеп сайтына
қош келдіңіз!

.

  • Осы айда 492
  • Осы аптада 93
  • Кеше 17
  • Бүгін 0
  • Онлайн 0
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

Кітапты күтіп ұстау туралы ережелер:

 

1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптапал.

2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластапалуың мүмкін.

3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуаннәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оныңбұрыштары жыртылады. Кітап беттерініңарасына қыстырғыш жасап ал.

5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпенде ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттеріжыртылады.
7. «Кітап – сенің досың» екенін ұмытпа!

Кітап оқыған кезде бөлменің ауасытазартылып, жарықтың мол және жеткіліктіболу қажет.

• Кітап оқыған кезде бөлменің ауасытазартылып, жарықтың мол және жеткіліктіболу қажет.
• Кітап жатқан үстел беті мен шырақтың
• ара қашықтығы 1 метр болу керек.
• Кітап пен көздің ара қашықтығы 35-40 сантиметрден кем болмау керек.
• Оқу кезінде әрбір 45-50 минуттан сон демалдырып отырған дұрыс
• Кітапты төсекте жатып оқыма.

Оқырман міндетті:

• Оқырман міндетті:
• Кітапты ұқыпты ұстауға
• Кітаптардың орналасу ретін бұзбауға
• Алған кітапты мезгілінде қайтаруға
• Кітап жоғалса немесе жыртылып қалса,
• орнына дәл сондай немесе мазмұны мен
• бағасы оған тең басқа кітап тапсырылады
• 5. Оқырманға 5 кітапты 10 күнге алуынаболады
• 6. Оқырман кітапты қайтармаса, кітапханаға
• кітаптың 10-есе құнын төлейді
• 7. Оқушы кітапты қайтармаған жағдайда
• жауапкершілік ата-анасына жүктеледі.
Мектеп кітапханасының 2019-2020 оқу жылында
  оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтуы туралы 

 

Мектеп кітапханасында барлығы  42625 кітап қоры бар, соның ішінде:

5602 дана көркем әдебиет, 37023 дана оқулық қоры бар. 2019-2020 оқу жылында 32669801 теңгеге  27292 дана оқулық қабылданды : 10107 дана оқулық, 17185 дана бір рет қолдануға арналған жұмыс дәптерлері.

  Мектептегі барлық оқушылар мен пән мұғалімдері оқулықтармен толық қамтылды.

    Бастауыш сыныптың  оқушылары жалпыға бірдей оқу бағдарламасы бойынша «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Бөбек», «Express Publishing», «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ оқулықтарымен оқиды, оқулықтар мен жұмыс дәптерлері толық таратылып берілді.

  5- сыныптар: барлығы 171 оқушы қазақ тілі мен әдебиетін «Мектеп» баспасы, орыс тілі, математика, жаратылыстану, музыка пәндерін «Атамұра» баспасы, Қазақстан және дүниежүзі тарихтарын «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ , ағылшын тілін «Makmillan» баспасының, көркем еңбек

«Келешек-2030» баспасының оқулықтарымен оқиды, барлық оқушылар толық қамтылды.

 6- сыныптар: 192 оқушы қазақ тілі мен әдебиетін «Мектеп» баспасы, орыс тілі, математика, жаратылыстану, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихын «Атамұра» баспасымен, информатика пәнін «Арман ПВ» баспасы, музыка пәнін «Қазақ энциклопедия», ағылшын тілін  «Makmillan» баспасымен оқиды, толық қамтылды.

  7-сыныптар: 164 оқушы қазақ тілі мен әдебиеті, алгебра, геометрия, биология «Мектеп» баспасы, информатика, физика, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы  «Атамұра»  баспасы,  география «Алматыкітап» баспасы, көркем еңбек «Назарбаев зияткерлік мектептері» баспасы, ағылшын тілі «Makmillan» баспасы оқулықтарымен оқиды, толық қамтылды.

  8-сыныптар: 157 оқушы қазақ тілі мен әдебиеті, алгебра, геометрия ,қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы  «Мектеп» баспасы, орыс тілі, информатика, биология, физика «Атамұра» баспасымен, көркем еңбек «Келешек-2030» баспасымен, ағылшын «Makmillan» және информатика пәнін ағылшын тілінде «Астана -кітап» баспасының оқулығымен оқиды.

 9-сыныптар: 131 оқушы қазақ тілі мен әдебиеті, алгебра, геометрия, Қазақстан география, химия, құқық негіздері, дүние жүзі тарихы  «Мектеп» баспасымен, орыс тілі, биология, физика, қазақстан тарихы «Атамұра» баспасымен, информатика «Алматыкітап»,  ағылшын тілі «Express Publishing» баспасымен және физика, биология пәндері «Астана-кітап» баспасының  ағылшын тіліндегі нұсқасымен оқиды.

10- сыныптар: 125 оқушы екі бақытқа бөлініп оқытылады. Қоғамдық бағыт бойынша қазақ тілі мен әдебиет «Мектеп» баспасы, жаратылыстану-математика бағыты «Атамұра» баспасымен оқиды.  Алгебра, геометрия, география, химия, құқық  негіздері, орыс тілі, қазақстан тарихы «Мектеп» баспасымен, биология, информатика «Атамұра» баспасымен, ағылшын тілі «Express Publishing» баспасының оқулығымен толық қамтылды.

11-сыныптарда: екі бағытта 56 оқушы, барлық оқулықтары «Мектеп» баспасыныкі. Осы оқу жылында 11-сыныптарға бұл бағдарлама соңғы жыл болғандықтан оқулықтар алынған жоқ, барлық оқулықтар толық жеткілікті.

  Мұғалімдерге осы оқу жылында әдістемеліктер қаражат аз болғандықтан алынған жоқ. Кітапханадағы 250 дана әдістемеліктер  қолданыста жүр.





   

 

 

Loading...