Меню KDT
введите текст

введите текст

  • Осы айда 492
  • Осы аптада 93
  • Кеше 17
  • Бүгін 0
  • Онлайн 0
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

Баяхметбаева Кунумбала Изтолеуовна

Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия директоры

 

  Баяхметбаева Кунумбала – Нұр-Сұлтан қаласы Білім бақармасы әдістемелік кабинеттің жоғары біліктілік санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдіскері және қалалық біліктілікті арттыру қызметін үйлестіруші міндетін  атқарды. Білім басқармасында 5 жыл көлемінде  пән бойынша және мемлекеттік тапсырыс ретінде курс жұмыстарын  жүргізді. Білімі жоғары,  Семей қаласы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. 1984-1989 жылдар аралығында Аға пионер вожатый және жас маман ретінде Семей облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында қызмет атқарды. 1989-2000 жылдар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасаған. 2000-2002 жылдар аралығында мектеп директорының тәрбие ісі, 2002-2008 жылдары оқу ісі, 2008-2013 жылдары ғылыми әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-2017 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетте әдіскер және курс үйлестіруші қызметтерін  жүргізіп келді.

  2015 жылдан  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында республикалық пән тренері ретінде арнайы бағдарламалық курстан өтіп, жаңа білім мазмұны негізінде тренерлік қызмет атқарады.

  Кунумбала Изтолеуовна - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің күрделі тақырыптық мәселелерін көтеріп, мемлекеттік тілдің ауқымды жұмыстарына қала, республика, халықаралық деңгейде атсалысып  жоғары біліктілік деңгейін көрсете білді. Бастамашыл, күш-жігері мен ізденісі мол, ерекше дараланып көрінетін іскер тұлға. Кәсіби құзыреттілік шеберлігі, ұйымдастырушылық,  басқарушылық қабілеті жоғары. Ұжыммен жұмыс  жүргізу тәжірибесі қалыптасқан. Әдіскер-педагог  ретінде              Нұр-Сұлтан қаласына  танымал, іс-тәжірибесі қала, республика көлеміне таратылған маман.  2015-2017 жылдары қалалық, республикалық семинарларда көшбасшылық танытып, модератор  қызметін атқарып, әдістемелік тақырыптарда дәріс оқыды. Көпшілік алдында көсем сөздің шебері.

  Қалалық деңгейде мектеп педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын үздіксіз жыл бойы жүйелі жүргізді. Білім саласындағы жаңару сипатындағы ұзақмерзімді деңгейлік бағдарлама, үштілділік (көптілділік), тереңдетілген деңгейлі ағылшын тілі, қысқамерзімді менеджмент (басшылар), жаңа білім мазмұны  курс жұмыстарын талапқа сай орындайды. Оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық сайыстар мен Абай, Махамбет, Мағжан, М.Мақатаев оқуларына қатысып, жеңімпаз атанып келеді. 2015 жылы «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» атты республикалық семинарға қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды.

   2015 жылы «Самғай біл» дарындылықты дамыту  орталығы арқылы оқу-әдістемелік бағытта «Қазақ әдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған Мұғалімнің жұмыс дәптері, оқу құралы», 10 сыныпта Мұғалімге арналған көмекші құрал», 11 сыныпқа Мұғалімнің жұмыс дәптері, оқу құралы» шығып, қала, республика көлемінде әдістемелік  іс-тәжірибесі таратылды. Педагогтың «Өздік білім жетілдірудің педагогикалық-әдістемелік құрылымы»атты авторлық жұмысы  2014 жылы  Алматы  қаласында Республикалық Білім жетілдіру институтында жарияланған.

      Кунумбала Изтолеуовна халықаралық, республикалық, облыстық кәсіби сайыстарға, конференция, семинар, түрлі іс-шараларға  қатысып, әділқазылар алқасы мүшесі ретінде төрелік жасап келеді.

  1. ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы» 2007 жыл
  2. Семей қаласы Әкімінің Алғыс хаты 2007 жыл
  3. «Мәлік Ғабдуллин» медалі, 2015 жыл
  4. «Абай Құнанбаев» медалі, 2016 жыл
  5. «Ахмет Байтұрсынов» медалі, 2016
  6. «НұрОтан», «Жас Отан», Алғыс хат 2010, 2015,2017 жыл
  7. «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 1-орын  2010 жыл   
  8.  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 3-орын 2011 жыл Өскемен қаласы
  9.  «Дарын» ғылыми-практикалық  орталығы байқау, 2-орын 2012 жыл
  10.  «Өз оқытуымыздағы әрекетті зерттеу» атты VІІ қалалық  оқу конференциясы,  1-орын 2013 жыл
  11.  Үш тілде білім беруді жүзеге асыру мақсатында «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәіжірибесі» ІІІ республикалық форумы, Алғыс хат, 2016 жыл
  12.  Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алғыс хат, 2016 жыл

 Баяхметбаева Кунумбала – кәсіби шебер, теориялық білімі терең, күш-жігері мен ізденісі мол, мақсатына жететін, құзыретті, көшбасшы, білікті  маман.

Loading...