Меню KDT
введите текст

введите текст

  • Осы айда 492
  • Осы аптада 93
  • Кеше 17
  • Бүгін 0
  • Онлайн 0
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

Мектеп жаңалықтары

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – ӨЗ ОТАНЫМЫЗДЫ САҚТАУ

               Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру және ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия кітапханасында 3-4 сынып оқушылары арасында «Табиғатты аяла» атты онлайн-экосағаты болып өтті.
            Экосағат Қасым Аманжоловтың «Мен табиғат бөбегі» бейне баян өлеңімен басталды. Бейнебаян арқылы балалар найзағай, тау, жел, ауа, күн мен ай және бұлт туралы мағлұмат алып, табиғат бізді қоршаған дүние екенін, адам қашанда табиғат әсемдігіне тамсанып таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасайтын байлықтың көзі екендігіне көз жеткізді.
Әрине, туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиырыжоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда.
Адам табиғатынан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі. 
Экосағат барасында оқушылар табиғат туралы тақпақ оқып, мақал-мәтелдер айтты. Сонымен қоса, түрлі сұрақтарға жауап берді, сары және жасыл қоқыс жәшігіне қандай қалдықтар салу керектігіне экоклоундар түсіндіріп көрсетті. Ауаны ластанудан сақтауымыз қажет екені айтылды. Іс-шара қызықты әрі мағыналы өткендігін балалардың белсенді қатысып, кері байланыс жасағандығынан байқадық.
Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, бүлдіруге зор көңіл бөлген. Сондықтан бүкіл халық болып туған жеріміз бен мекенімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. 





Просмотров: 58

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Loading...