Меню KDT
введите текст

введите текст

  • Осы айда 492
  • Осы аптада 93
  • Кеше 17
  • Бүгін 0
  • Онлайн 0
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

Мектеп жаңалықтары

Халықаралық қарттар күні

     Осыдан 30 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.     
     Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Алайда, қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған апаларымыз бен аталарымызды бұл жұбата алады ма? Замандастарымыздың тоғыз ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп асыраған анасы мен қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай ер жеткізген әкесін қарттар үйіне әкеліп қамауларына не себеп болғандығын кім білсін?
     «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!


Просмотров: 54

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Loading...