Меню KDT
введите текст

введите текст

  • Осы айда 492
  • Осы аптада 93
  • Кеше 17
  • Бүгін 0
  • Онлайн 0
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

Мектеп жаңалықтары

МЕКТЕБІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мұғалімдер күні қарсаңында Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия екі бірдей жаңалықты жариялауға жар салады.  Бірінші жаңалық 2020 жылы 17 қыркүйегі күні Педагог мəртебесі заңына сəйкес  шебер біліктілік деңгей мұғалімі үшін Білім басқармасына Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің " Құрметті педагогы" төсбелгісі конкурсының талабына лайықты мектеп-гимназия қамқоршылық, кəсіподақ кеңесі комиссия  хаттамасының шешімі  бойынша Нағашберген Ерденұлы конкурс ережесіне сай құжат өткізді. Республикалық Педагог заң аясында Нағашберген ұстаздың педагогикалық еңбегі бағаланып Нұр-Сұлтан қаласы "Құрметті педагогы" төсбелгісінің иесі жəне Мемлекеттік грантты жеңіп алып, Міржақып мектебінің шебер ұстазы екенін дəлелдеді. Құрметті Нағашберген Ерденұлы! Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің "Құрметті педагогы" төсбелгісі жəне Мемлекеттік грант иесі болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз көшбасшылық негізде  Тарих пəнінің кəсіби құзыреттілігін жоғары деңгейде танытып жүрген дара тұлғасыз! Қазақстан, Дүние жүзі тарихтарын, Құқық негіздерін, Дінтану пəндерін кəсіби шеберлікпен оқытатын бірегей ұстазсыз. Ғылыми-əдістемелік оқыту əдістемеңіз кəсіби əдіс-тəсілге бай. Жеке тұлғалық қадір-қасиетіңізбен оқушылар мен ата-аналар жəне өз əріптестеріңіздің арасында зор сый-құрметке иесіз. Шəкірттеріңіз Ұлттық бірыңғай тестте ең жоғары ұпайды жинап, білім сапасының жоғары деңгейін көрсетіп келеді. Оқушыларыңыз халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде олимпиада, түрлі зияткерлік сайыстарда білім дəрежесін, тарихи тағлымдарын биіктен  дəлелдеп жүр. Ұлттық құндылықтар негізіндегі қалалық Музей істері грант иегері болып, "Ұлы Даланың мұрагерлері" эксперименттік-тəжірибелік алаң жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп келесіз. Субъективті музей істері ретіндегі тарихи сахналық қойылымдар  Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия оқушыларының зияткерлік, тарихи адам өмірін, істерін оқып, зерттеп, біліп, сахнада ролдік  ой ұшқырлығын, актерлік шеберліктерін көрсетіп, бала бойында өмірлік ұстанымды қалыптастырып, сан рет əр балаға тарихи əлемді тануға бағыт-бағдар бердіңіз. Бұл шығармашылық идеялар Сіздің креативті, дербес Дара тұлға ұстаз шеберлігінің мектебі екенін дəлелдеді. Ұстаздық еңбектің бағасы биікте, əдістемесі мен шеберлігі əр адамға үлгі болсын! Сіздің азаматтық тұлғаңыздың тағы талай биіктерді бағындыратынына сенімім зор! Көшбасшылық еңбегіңіз еселеніп, толағай табыстар əкелетін шеберлік зертханаңызға ақ жол, сəттілік тілейміз! Сізді " Тарих Ата" бағдарламасының бас ұстазы деп білеміз!
Екінші жаңалық мамыр айында  мектеп-гимназияның азқамтылған, атаулы көмек алатын ата-аналардың балаларына пандемияның қиындықтары үшін Халық алғысына лайықты деп ұжым Лаззат Ғалымжанқызын ұсынған болатын. Лаззат Ғалымжанқызы әр сыныптың  ата-аналарының əлеуметтік жағдайы нашар балалары үшін  жалпығы міндетті  оқуға тарту (всеобуч) мəселесі өте күрделі тапсырма. Біздің ауданның əр сынып бойынша ата-аналарының тұрмыстық жағдайы төмен, балаға жағдай жасауы нормативке лайықты емес. Осындай ауыр жұмыста Ләззат Ғалымжанқызы кəсіби біліктілік деңгейіңізді жоғары деңгейде жұмсап, елеулі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Осы мақсатта талай ата-ананың Алғысына ие болып келді. Олар кабинетке күн үзбей келіп тұрады. Олар құжаттарын жинап, түсініп,  уақытында өткізіп дер кезінде талапқа сай өткізбейді. Міне осы жұмыста кəсіби біліктілік мүмкіндікті пайдаланып, қайта-қайта хабарласып, арнайы чат құрып сол жерде түсіндіріп өте маңызды істерді талапқа сай жүргізгеніңіз үшін зор ризашылық білдіреміз! Сіздің мазмұнды жобалық істеріңізді мемлекет бағалап, "Халық алғысы" төсбелгісін иелендіңіз. Құтты болсын! Осы төсбелгі тағу мəртебесі Сізді биіктерге көтерсін! Міржақып Дулатұлы атындағы #68 мектеп-гимназиясының əр сыныбындағы ата-аналарының əлеуметтік-тұрмыстық жағдайының өзгеруіне көп үлес қосатын кəсіби біліктілік деңгейіңізге сенім артамыз! Əлеуметтік түрлі мəселелерді уақытында жүргізіп, əлеуметтік мəселелердің болмауына бар күш-жігеріңізді жұмсап, кəсіби шеберлігіңізді қолданасыз деп сенім білдіреміз!

Істеріңіз сəтті, отбасыларыңыз аман, мерейлеріңіз үстем бола берсін, әріптестер!


  




Просмотров: 70

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Loading...