Меню KDT
введите текст

введите текст

  • Осы айда 537
  • Осы аптада 128
  • Кеше 6
  • Бүгін 20
  • Онлайн 3
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

Мектеп жаңалықтары

Әкелер слеті өтті!

2022 жылғы 5 мамыр күні мектебімізде ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және «2022 жыл – Балалар жылы аясында» мектепішілік әкелер слеті өтті.
Бала өміріндегі әкенің орны, әке тірбиесінің маңыздылығын арттыру мақсатында өткен шараға әкелер мен аталар, арнайы қонақтар келіп қатысты.
Алғашқы бөлімінде, мектеп ғимаратының 1-қабатында арнайы көрмелер ұйымдастырылып, келген қонақтар мен әкелерді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова қарсы алып, арнайы шолу жүргізді. Мектеп директоры К. Баяхметбаева құттықтау сөзін айтып, директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Молдаханова қонақтарды мектеп өмірімен таныстырды. Жоспарлы түрде өтетін «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі де ұйымдастырылды. 5-сыныпқа келген оқушылар ұйым қатарына қабылданып, ант берді, келген әкелер ұстаздармен бірге көк түсті «Жас Ұлан» галстугын тағу рәсіміне қатысты.
Мектеп педагог психологтары Р. Сайлаубаева, А. Касымбекова арнайы бұрыш әзірлеп, әкелерге шағын семинар жүргізді. Сондай-ақ, көркем еңбек және технология пәнінің мұғалімдері Г. Хиватдолда, Д. Мұздыбай әкелердің қолөнер шеберлігін ұйымдастырды. Робототехника пәнінің жетекшісі Ж. Толқын әкелерге сабақ барысынан үзінді көрсетіп, құрастыру жұмыстарымен таныстырды. «Алаш жолы» субъективті музейінің жетекшісі М. Дженбаев музейге шолу жүргізіп, ата-аналарға түсіндірме жүргізіп өтті.
Шараның екінші бөлімі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Кайроллаев, педагог ұйымдастырушы С. Сеидахметова, тәлімгер Н. Жанарбек ұйымдастырған әкелер сайысымен жалғасты. Әке мен баладан құралған 5 жұп сайыста 4 кезең бойынша сынға түсті. Алдымен өздерін таныстырған қатысушылар, екінші кезеңде «Әкеммен бір күн» атты бейнероликтерін қазылар аласының назарына ұсынды. Сайыстың үшінші кезеңінде ситуациялық жағдаяттардан шығу тәсілдерімен бөліссе, өз өнерлерімен сайыстың төртінші кезеңінде ортаға шықты.


Просмотров: 3

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Loading...