Меню KDT
Мектеп сайтына
қош келдіңіз!

.

  • Осы айда 582
  • Осы аптада 119
  • Кеше 14
  • Бүгін 9
  • Онлайн 0
Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

Дауыс беру

      
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ 
(сауалнама қорытындысы)

                                                    












 











 











 











 


















 










 



 






























Астана қаласы

«№68 орта мектеп» КММ-сі

Педагог-психолог

Рустемова Жанар Тлеубергеновна

 

ҰБТ алдында 11 сыныптарға арналған психологиялық кеңес.

               Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің бірі - мамандық таңдау. Ол болашақта отау құру, ел қатарына ену дейтін жайттармен өзектесіп жатады.  Әсіресе мамандық таңдау-жастар үшін ерекше мәнді мәселе. Кәсіп және мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп. Сол кәсіпті таңдай білу,дұрыс жолға түсу адамның өзін-өзі тәрбиелей алуына тікелей байланысты.Соның ең алғашқы қадамдарының бірі Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өту. Көп адамдар ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қажытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа. Ең бастысы  дұрыс шешім қабылдау. Ол үшін сенің мынадай бірнеше ережелерді орындағаның дұрыс.

1. Ерекше сабырлылық;

2. Сөз бен істе әділ болу;

3. Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы;

4. Тоқтамға тез келе білу;

5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау;

6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу,кездейсоқ іске ұрынбай,тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу;

7. Қажетті не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну;

8. Теледидар көруді барынша шекте;

9. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау;

10. Егер үлкен және кішкентай матриалмен жұмыс істесең үлкеннен бастағаның дұрыс.

Дұрыс тамақтану ҰБТ алдындағы өте қажетті жағдайлардың бірі.Сондықтан дұрыс тамақтануды естен шығарма!

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін:

• Сәбіз мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез-келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жаттар алдында бір тәрелке езілген, ұнтақталған маймен араластырылған сәбіз жеу керек.

• Авакадо – аз уақытта есте сақтау қабілетінің энергиялық көзі, себебі оның құрамында жоғары мөлшерде майлы қышқылдар бар. Жемістің жартысын жесең жеткілікті.

• Майлы балықтың құрамында, жүйке жұмысының дұрыс жұмыс жасауына керекті Омега - 3 бар. Сонымен қатар балықта мидың анықтығын сақтайтын йод бар.

Құрметті түлектер! Әрқашан өзіңізге біліміңізге деген сенімдеріңізді жоғалтпаңыздар.


 

Астана қаласы

«№68 орта мектеп» КММ-сі

Педагог-психолог

Рустемова Жанар Тлеубергеновна

 

ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға кеңес

1. Балаңыздың ҰБТ-ға барар алдындағы алдын-ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайлылықпен қарамай, дұрыс ақыл-кеңес беруге тырысыңыз.

2. Балаңыздың бөлме интерьеріне мән беріңіз. Оның жататын бөлмесін сары мен күлгін түсті көп енгізуге тырысыңыз. Себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.

3. Балаңыздың көңіл-күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз.

4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз.

5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс-жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз. (грек жаңғағы, балық т.б.)

6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз. (8 сағат түн ұйқысы бұзылмау керек)

7. Ешқашан балаңызды сынап-мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.

8. Балаңызға көмектесіңіз. Үй шаруасын қоя тұрып, қолыңызға секундомер алыңыз. Тестілеуге кететін уақытты есептеп, дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұрыңыз. Айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп, сергіту жаттығуларын жасауға дағдыландырыңыз.

9. Күн сайын дайындықты балаңыз нашар білетін қиын тақырыптан бастаңыздар. Жаңылып қалған жері болса, баланы кемсітіп, ұрыспаңыз. Аса үлкен шыдамдылық танытқаныңыз жөн.

10. ҰБТ тапсыруға психологиялық даярлықты оқушылардың өз уақыттарын дұрыс пайдаланулары да анықтайды. Оның өзінде әрбір 30 минуттан кейін үзіліс жасап, дем алған жөн. Бірақ бұл үзіліс 3-5 минут қана болуы керек. Ал әрбір екі сағаттан соң 20-30 минуттық үзіліс жасау керек. Жалпы, тестке күніне 6-8 сағат дайындалған жөн. Үзіліс кезінде теледидар көру, музыка тыңдау, агентте отыру дұрыс емес. Бұл кезде қозғалыс, қимыл қажет. Сонымен қатар тестке даярлық кезінде бала әдеттегіден 1-2 сағат ұзағырақ ұйықтағаны дұрыс болады. Баланың уақытымен тамақтанып, дем алуы керек.

11. Балаға «ұйқы ашуға жақсы» деп, кофе, шай беруге болмайды. Сынаққа дайындалып жүрген балалардың жүйке жүйесінде қозу процесі өзінен-өзі аса жоғары болады. Оның үстіне ащы немесе көп мөлшердегі кофе, шай бұл процесті одан сайын арттырып жібереді. Соның нәтижесінде зейін тұрақсыз, шашыраңқы болып, бала материалға зейін қоя алмай, оның дайындығына зияны тиеді.

 

Түлектерге сәттілік тілейміз!
 

 

       Бүгінгі күні  мектебіміздің бастауыш сыныбын бітіріп, қанаттарын қаққалы отырған 4-сынып оқушылары  үшін есте қаларлық күн болды. Бастауышта 4 жыл бойы тек өз апайларынан білім алып, бір оқу кабинетінен шықпаған балалармен мектеп психологы Атамбаева Дина Жұмақанқызы «Ақ жол, саған, оқушы!» тақырыбында арнайы тренинг өткізіп,оқушылармен  мектепішілік саяхат жасады, пән каабинеттері мен келесі оқу жылында сабақ беретін ұстаздармен таныстырды.  

Мақсаты: Оқушылардың ортаңғы буынға өтердегі психологиялық дайындығын қалыптастыру арқылы бірін-бірі тыңдауға,түсіне білуге, достық қарым-қатынасын жақсартуға тәрбиелеу.Өтпелі кезеңдегі бала бойына өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

    

 

 

Мектебіміздің 7-8-9  теңестірілу сынып оқушылары мен   мүмкіндігі шектеулі балалар  қалалық «ВІ-Жұлдыз-ай» компаниясының ұйымдастыруымен өткізілген  фестивальға қатысты. Бұл тәрбиелік іс- шараны мектеп психологы Атамбаева Дина Жұмақанқызы  арнайы дайындықпен, баланың шығармашылық деңгейін бақылау арқылы, нәтижеге жеткізді. Қатысушылар  сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды.

 



       Жақында мектебіміздің педагог-психологы Рустемова Жанар Тлеубергеновна даярлық тобының ата-аналарымен «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында жиналыс өткізді. Мақсаты – ата-аналарға отбасы тәрбиесінің негізі жалпыадамзаттық құндылықтар туралы тұрғысынан  түсінік беру. Педагог-психолог ата-аналармен сергіту сәтін қызықты өткізіп, отбасындағы ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі туралы әңгіме өрбітті.

      




 

         Таяуда инклюзивті сынып оқушыларымен педагог-психолог Рустемова Жанар Тлеубергеновна және 2 «А» сынып жетекшісі Халиулдина Сауле Кайрхановна оқудан тыс жоба өткізді. Мақсаты – балаларға  қайырымдылық жасау жақсы іс екендігін ұғындыру. ДЦП аңғарымы бар оқушы Марат Рахым және оның сыныптастары ипподромға барды. Ол жерде оқушылар атқа мініп серуендеп, Марат Рахым ипотерапиялық ем қабылдады. М.Рахым өз құрдастарымен әңгімелесіп, жақсы әсер алды.


                                  

                

  


 

 Сәуірдің 6 жұлдызындаөзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Рустемова Жанар Тлеубергеновнамұғалімдерге арналған әдістемелік семинар ұйымдастырды.Семинар тақырыбы: «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі». Мақсаты – өзін-өзі тану пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша, ар-ұжданымен үйлесімді өмір сүретін, жағымды ойлайтын және өз борышын сезінетін лайықты тұлға тәрбиелеуге үйрету. Төмендегі жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.

Жоспар:
1.Тыныштық сәті «Орманға саяхат»
2.Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы
3.Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық –  педагогикалық негіздері
4. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың аксиологиялық аспектілері
5. Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау
6. Топпен ән айту
7.Үй тапсырмасы
8.Семинардың қорытынды сәті

   


 

     Мектеп психологы Рустемова Жанар Тлеубергеновна 11-сынып оқушыларымен ҰБТ алдындағы стресстен арылу жолдарына байланысты тренингтер мен коррекциялық сабақтар өткізді. Психолог оқушыларға қызықты тапсырмалар бере отырып, жақсы психологиялық ахуал қалыптастырды. Жас түлектер тренингті ұйымдастырған Жанар Тлеубергеновнаға алғыстарын білдірді.


   

  





Ата-аналар жиналысының тақырыбы:  Отбасындағы адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы.
Мақсаты: отбасындағы адамгершілік – рухани  тәрбие  беру  бағдарламасының негізгі мақсатын  түсіндіру арқылы бала тәрбиесіндегі рухани  құндылықтардың  маңыздылығын  түсіндіру.
Міндеттері:
Ресурстар:
интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, қағаз, қалам, шарлар.
Жоспар:      /жоспардың әрбір  пунктің 3-5 сөйлеммен ашу/
1.    Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері
2.    Құндылықтар тірегі
3.    Абсолюттік  құндылықтар
4.    Бала  тәрбиесіндегі  ананың  рөлі
5.    Бала  тәрбиесіндегі  әкенің  рөлі
6.    Тәрбиедегі  ынтымақтастық
7.    Жақсы  отбасының  қасиеттері
8.    Баланың  мінез-құлқына  кері  әсер  ететін отбасы жағдайлары
9.    Панарин тесті
10.  Қорытынды.

Жиналыс барысы:

Психологиялық дайындық. «Сыр сандық»

  1. Отбасы – шағын мемлекет. Осы қағиданы кейінгі ұрпақ біздерге Қ.Аманжолов қалдырған еді. Әрине мемлекеттің ірге тасын мықты болып, ұлы державаға айналуы үшін отбасында ең алдымен психологиялық жылылық болуы керек. Ал қазіргі таңда көптеген отбасылар шағын мемлекет емес, ырду-дырдуға толы базар маңына айналған тәрізді. Отбасынан психологиялық жылылықты емес, атмосфералық жылылықты да таппайтын отбасылар да баршылық.

Отбасы:                                                  Әке

 

 

                                                  Ана                     Бала

схемасынан құралатын сөзсіз.

Отбасындағы адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы     жауапкершілігін  күшейтуге тиіспіз“–деген болатын. Жанұя ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері.«Отбасы ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі» сондықтан оны нығайту керек. «Отбасында тыныштық болса, үйде тыныштық болады; Үйде тыныштық болса- мемлекетте тыныштық болады; Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады.

«Балаңызға деген сүйіспеншілік» ойыны

          Баланың жан дүниесі толып тұрған ыдыс сияқты.
2.       Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?
3.       Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз?

Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар  сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер
4.       Құндылықтар тірегі
5.       Абсолюттік құндылықтар

Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік. 

Табиғи құндылықтар– бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы). 

Жүре пайда болған құндылықтар– бұл  адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын,  ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

       Бүгінгі таңда жауапкершіліксіз аналардың кесірінен жапа шегіп жатқан балалар бар. Аналар бір сәттік қызық, атақ, даңқ үшін өзінің жақсы мінез-құлқын дамыту керек екенін, негізгі борышын ұмытып кетеді. Үнемі жұмыс бастылық, мансапқорлық, қызмет бабы, ғылымның соңынан түсу үлкендерге құрмет көрсетуді, кішілерді сыйлауды ұмытып, жолдасын, отбасын екінші орынға ығыстырып шығарады.  Мұндай өзімшілдік қатынас әйелді өз табиғатынан алшақтатады. Ана өз іс-әрекетінде жақсы мен жамандық, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінің арқасында өз күйеуінің ар-намысына, абыройына нұқсан келмейтін әрекеттерге ғана барады. Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады.  Егер ол адамгершілікпен әрекет етсе балалары да соны жасамақ. Рухани ұстаз жай ұстаздан он есе ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан да он есе күшті, маңызды. Ал ана әкеден мың есе маңызды. Шығыс даналығы.
6.    Отбасындағы әкенің рөлі.

Әке отбасындаы ең басты ролді иеленеді. Еркек-білімнің, даналықтың, тәртіптің іске асырушысы. Еркек- әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтеуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам.

Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.

Баланы ақылға, құлақ қойғыштыққа, тіл алғыштыққа қалай жеткізуге болады?

Баланың жүрегінде жоғары «Мен» орын алған. Ол тинтуитивті түрде бәрін сезінеді. Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етсе онда бала тыңдамайды Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып, өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды. Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастыққа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс. Күнделікті өмірде ата-аналар балаларға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек. Ата-аналар отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.

 7.   Жақсы отбасының қасиеттері

Ынтымақтастық- баланың өзіндік тұлғалық дамуы мен ерекшеліктерін сезіну, түсіну.  Оның осы өмірге өзінің мақсат-міндетімен келгенін ұмытпау. Ол осы өмірге бір жаңа леп әкелгенін есте ұстау. Ата-аналар баланың өзінің бойында бар ерекшеліктерін іске асыру үшін сүйіспеншілікпен, құрметпен жағдай жасауы тиіс. Бала да сол кезде ата-анасының беделін, құрметін түсініп, олардың айтқандарына құлақ сала бастайды.

Материалдық қызығушылықтар негізінде тәрбиелеу- жақсы болсаң аласың, қол жеткізесің (ақша, сыйлық, ойын-сауық), жасан болсаң жазаланасың.

Зорлық-зомбылық негізінде тәрбиелеу- істегің келмесе де, істейсің, істемесең жазалаймын.

Тәрбиеден тысқары қалу – бұл бетімен кетушілік, балаларға немқұрайлы қарау.

Қалай-болса солай болсын, барлық балалар да солай істейді.

Ынтымақтастықта тәрбиелеу.

Барлық баланы жақсы көру керек. жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш.

Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу керек.

Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.
8.    Баланың мінез-құлқына кері әсер ететін отбасылық жағдайлар.

- Орынсыз қамқорлық - бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды.

- Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) – баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды.

- Орынсыз қорқыныш, үрей – баланы мазасыз етеді, тіпті психологиялық ауруларға апарады.

- Жоғары талап қою - бала сасқалақ, жабырқаңқы,тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады.

- Кемсіту, елемеу – мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба болады. Өсе келе түрлі қылмыс, зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін.

Қайрат  Нұртас:  Жанұя әні

9.    Панарин тесті.

Мақсаты:   әр  ата – ананың бойындағы қасиеттерді анықтау.

  Лидерлік  қабілеті  бар,алдына қойған мақсатына  жететін, сыпайы, қабілетті  оқушылар . Әдепті,шыдамсыз. Қызмет  сипаттамасы- адамдармен жұмыс  істеу.

  -Өте  мейірімді,  қамқоршыл, жанашыр, әдепті,шыдамсыз. Қызмет  сипаттамасы- өнерге  бейім, талантты  адамдар  жатады.    

  -Өте  еңбекқор,төзімді,өз жұмысының  шебері,тиянақты ,ұқыпты. Ой-өрісі  кең, ғылыми- орталық   қызметкерлері.

Өз балаларыңыз үшін алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге   көп рахмет. Өз балаларымызды риясыз сүйіспеншілікке бөлеп өсірейік.

Кері байланыс: «Сыр сандық»

Ата-аналар  жиналыстан алған әсерлерімен бөліседі, ұсыныс тілектері (жазбаша) айтылады, суретке түсу.

 

 

 



Сабақ тақырыбы:
 «Көңілді старт» эстафеталық жарыс.         


Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.          

Көрнекілігі: Доп,кедергілер,шар,секірме,таяқша, тақырып жазылған плакат. «Спорт-салауатты өмір серігі» «Көңілді старт» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр» Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарауы қажет.Бүгінгі өткізгелі отырған «Көңілді старт» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.            

Сөз кезегін оқушыларымызды жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиқызына сөз береміз.

Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар таныс болайық.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.

Қазылар алқасы оқушыларға таныстырылып өтіледі.
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.

Шарттары:
1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек)
2. «Кім жылдам?»кезеңі ( Скакалкамен секіру).
3. «Пингвин» кезеңі. Бірінші оқушы қаппен қосаятап секіріп , межеге барады, қапты қолына ұстап әкеліп, келесі оқушы екі аяқтың арасына допты қысып межеге барып кері қайтады.
4. «Кім шапшаң»кезеңі Әр команданың алдына бос банка қойылады, команда мүшелері крушкамен суды тасып банкаға құяды, кімнің қаншалықты көп су құйғанын сызғышпен өлшенеді (барлығы да уақытпен)
5. «Арқан тарту» кезеңі
6. «Доп беру» кезеңі (Мұнда оқушылар бір біріне допты түсіріп алмай беоуі тиіс.) Команда мүшелері бірінің артынан бірі жіппен байланады, олар бірге адымдап құламай, межеге жетіп кері қайтулары тиіс.
7. Кім бірінші? сайысы  

Қорытынды сөз.
Марапаттау рәсімі.
Жүлделеріңіз құтты болсын! Ізгі ниет, жақсы өнеге тозбасын!
                   
 

 

 



Мектеп психологы: Рүстемова Ж.Т.

****************************************************************************************************************************************

Тренинг сабақтың тақырыбы: Сабырлы болу қиын ба? (7 «Б», «В» сыныптар арасында)

Тренингтің мақсаты: Оқушыларды берілген тақырып бойыншы сөйлету, өзгелердің пікірін тыңдай білуге үйрету; сөздік қорларын байыту, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарыту, сабырлы болуға шақыру.

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Психолог: Сәлематсыздар ма, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі пікірталасымызға қош келдіңіздер! Алдымен мен кіріспе сөзден бастамақпын. Кісілік қасиет жеке адамдардың ақыл-парасатынан өмірге көзқарасынан туындайды. Адам белсенділігі артқан сайын қасиеттер жинақталып, әркімнің кейпін, мінезін көрсетеді. Мінезділік –кісілікке көтерілудің бір жолы. Мінез – киелі қасиеттердің жиынтығы. Мінез құндылығы - жүректі тазартатын, сергітетін сезімде, жақсы-жаманды екшеп ой қорытып, адамның ширауында, кез келген мәселені салмақпен, сабырмен шеше алатын қылықта. Адам мінезінің аса бір көркем түрі – сабырлық. Адам баласының бойында оны дәл сабырлылық тәрізді керемет етіп көрсететін мінез кемде-кем. «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген қанатты сөз тегіннен –тегін айтылмаса керек. Ашуға да , қуанышқа да сабырлылық көрсету адамдықтың үлкен белгісі. Күнделікті өмірде адамдар бір-бірін болмашы нәрсеге ренжітіп алып жатады, ашуланып, асығыс істер жасап жатамыз. Соңынан опынып жататын кездер де болады. Ал осындай жағдайларға тап болмаудың жолы – сабырлы болу. Ал сабырлы болу қиын ба? Бүгінгі кешіміз осы сұрақтың төңірегінде болмақ. Осы тақырыпты алдын ала оқушыларға таныстырып, оларға эссе жазғызған болатынмын. Сынып оқушыларының пікірлері екіге бөлінді. Сондықтан да мен бүгін оқушыларды екі жаққа бөліп отырғыздым. Пікірталасымызды бастамас бұрын ортаға биші қыздарымыздың биін тамашалап алайық. Ортаға қыздар шығады.

2. Негізгі бөлім. Енді өзіміздің негізгі тақырыбымызға көшейік. Алдымен сабырлылық дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушыларды тыңдап көрейік.

Оқушы: Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды. Бірі – туа біткені де, екіншісі адамның өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Ой-санасы қалыптаса бастаған бала ең алдымен өзіне осы сабырлықты серік еткені жөн деп ойлаймын.
Оқушы: Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатындығын көрсетеді. Өзіңе сабыр, сабыр деп жүрсең көптеген ыңғайсыз жағдайлардан құтыласың. Сондықтан да сабырлы бола біліңдер деп айтқым келеді.
Оқушы: Адам болған соң кейде біреудің абайсызда айтқаны көңілді ауыртады. Кейде арты ұрыс-керіске айналып кетеді. Осындайда адамға сабырлылық өте керек деп ойлаймын.
Психолог: Балалар, естисіңдер ме, әлдекімдердің дабырласып сөйлегендері естіледі.Осы мезгілде Бүлдірген мен Күлдірген ұрысып кіреді.
Күлдірген: Ұшқалақ екенің өтірік пе?
Бүлдірген: Ұшқалақ болсаң, өзің бол, білдің бе?
Психолог: Ау, балалар, амансыңдар ма! Не болып қалды тағы да? Бұл не дау?
Бүлдірген: Мына Күлдірген мені ұшқалақ дейді.
Күлдірген: Ұшқалақ екенің өтірік пе?
Психолог: Сендер әуелі сөздің мағынасын түсініңдер. Әртүрлі мінез болады: биязы, момын, сабырлы, ұшқалақ дегендей.
Бүлдірген: Сонда ұшқалақ деген жақсы мінез бе?
Күлдірген: Жақсы ма , жаман ба, әйтеуір сенің мінезің ұшқалақ.
Бүлдірген: Ал сен ше, сенің мінезің қандай , айтайын ба , сен бе , сен ... жуассың. Бір бірін мазақтайды.
Психолог: Балалар, бір біріңді кемсітпей сөйлеңдер. Бұл әдептілік емес. Оданда мына оқушылардың қасына отырып , пікірлерін тыңдаңдар. Сонда бәрін түсінесіңдер. Балалар, ешқашан да бір біріңді кемсітпеңдер. Оданда дос болыңдар. Қане , қолдарыңды алып достасыңдар. Қазір сендерге арнап балалар ән орындап береді. «Дос болайық бәріміз» әні орындалады.
Психолог: Рахмет, балалар. Ал енді әңгімемізді әрі қарай жалғастырайық. Сабырлы болу қиын деген пікірмен келіп отырған оқушыларға сөз берейік.
Оқушы: Адамның бір қасиеті – мінез деген. Қазіргі кезде адамдар тез ашуланшақ болып келеді. Егер адам ашуланшақ, ызақор болса, олардың сабырлы болуы қиын сияқты. Бұл менің ойым әрине.
Оқушы: Мен де осы пікірге қосыламын. Қазір қай жерге барсаң да бір-бірінің сөзін көтермей, кез-келген нәрсеге ашуланып, асығып жүрген үлкен апаларымыз бен ағаларымызды көреміз. Ал, балалар үлкендердің мінездерін қайталайды. Ондай адамдардың сабыр сақтауы қиынға соғады деп ойлаймын.
Оқушы: Мен негізгі адам өте сабырлы, салмақты, ойлы, мәдениетті, қарапайым болу керек деп ойлаймын. Неге сондай болуға ұмтылмасқа?
Психолог: Ал енді сабырлы болу оңай, ол тек адамның өзіне ғана байланысты деген пікірмен келіп отырған топқа сөз берейік.
Оқушы: Мен үшін сабырлы болу қиын емес. Сабырлы болу адамның өзіне байланысты. Әр нәрсеге байыппен қарау керек. Өзіңді өзің ұстай білу қажет. «Сабырлы болсаң, ісің де өнімді болады» деп атам үнемі айтып отырады. Мен өзім сабырлы болуға тырысамын.
Психолог: Балалар, жақсы пікірлер айтып жатырсыңдар. Сабырлылық жақсы қасиетке жататынын түсіндіңдер. Ал енді адамгершілікке жататын жақсы қасиеттер мен жатпайтын жаман қасиеттерді білесіңдер ме? Қазір алдарыңызда жатқан кестені толтырып қараңдар. Кім қаншалықты білетінін көрелік. ( кестені толтырады) Жақсы қасиеттер Жаман қасиеттер. Жауаптары оқылады.
Психолог: Адам бойында кездесетін қасиеттерді атап шықтық. Сабырлы болу – жақсы қасиет екенін түсіндің. Ал енді осы сабырлылық туралы даналарымыз не деп ойлайды екен, соны білейік. Тақтада ілінген нақыл сөздермен таныстырамын • «Ақыл – адам көрігі, Ақылдың сабыр серігі» М. Әуезов • «Ойланып алмақ – сабыр сол» Абай Құнанбаев • «Сабырлының алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады» Б. Момышұлы • Адам сәні – даналық, Даналық сәні – сабыр, Сабыр сәні – батырлық, Батырлық сәні – биязылық Үнді нақылы

3. Қорытынды бөлім.

Психолог: Міне, бүгінгі тақырыбымыз бойынша пікір алмасып, ой бөлісуіміздің қорытынды бөліміне де жеттік. Енді оқушылар, ойларыңды түйіндеп, қорытындылап жіберейік. Ол үшін әр топқа «Сабырлы», «Адамгершілік», «Ниет», «Болашақ» деген сөздерді таратып беремін, сол сөздерді байланыстырып қорытынды сөздеріңді айтасыздар.
Психолог: Рахмет, балалар. Енді осы тақырып бойынша мен де өзімнің қорытынды сөзімді айтайын. Ақ ниеттен теріс пиғыл тумайды, жақсы кісі жаманшылық қумайды. Ақ ниеттілік, сабырлылық мінез мінін туралайды. Бүгінгі кешімізге қатысып отырған оқушыларыма, Бүлдірген мен Күлдіргенге айтарым: сабырсыздық күйгелектікке, асығыстыққа соқтырады. Ақылмен емес асығыстықпен біткен істің қашанда бір қайнауы ішінде жүреді. Сондықтан да сабырлы болуға тырысыңдар. Сөзімді неміс философы И. Канттың сөздерімен қорытындылағым келеді: 1. «...өз ойыңды орынсыз талқыға ұшыратпауүшін өсек сөзге жүгінбей, сөзді сақтана, салмақпен айт. 2. Әрқашан уәдеңе тұруға тырыс, өз сөзіңнің иесі болғын. 3. Ойы мен пиғылы теріс адаммен достасудан аулақ бол. 4. Біреудің жалаң немесе ашулы пікірінен туындайтын сандырақты анау айтарлықтай көңілде термегін...» Бұл қасиеттерді өз бойыңнан ізде. Өйткені адам болу үшін адамдықты сақтау адамның санасына, мінезіне, ұстамдылығына байланысты. Имандылық қасиеттерін өміріне тамыздық ететіндер адам құндылығын құнттайды. Осыны ұмытпаңдар, балалар!

 

  

 

Мектеп психиологы: Жакупова Ә.Н.
06.11.15 күні өткен тренинг

****************************************************************************************************************************************
Сіз балаңызды білесіз бе?

(ата –аналармен тренинг)

Тренингтің мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.

Көрнекілігі: үлкен ақ жүрек, кішкене қызыл жүрекшелер, бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.

Барысы:

Психологтың сөзі:  Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Сіз балаңызды білесіз бе?» атты тақырыптағы тренингке қош келдіңіздер!

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыздың «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылының астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.

Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!

І жаттығу: «Біздің топтың жүрегі».

Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Осы ақ жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады.

 

ІІ жаттығу: «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Доп беру арқылы ата-ана қойылған сұрақтарға ойланбастан жауап береді.
1. Балаңыздың ең жақын досы кім?
2. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
3. Балаңыздың туған күні қашан?
4. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?
5. Балаңыздың парталас көршісі кім?
6. Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?
7. Балаңызға ренжігенде ең алғаш аузыңызға оралатын сөз?
8. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?
9. Балаңыз кімді үлгі тұтады?
10. Балаңыздың ең жақын досының әкесі кім?
11. Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?
12. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?
13. Балаңыздың сынып жетекшісі кім?
14. Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?

Қорытынды: Берілген сұрақтарға ойланбастан бірден жауап беріп отырған ата-аналарды мадақтау. Ал, жауап беруге қиналып қалған ата-аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.

ІІІ жаттығу: Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.

Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөз заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.

ІV жаттығу. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...» Ия, әрбір ата – ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім – тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол – бірінші ата-анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал – екіншіұстазынан, өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып, өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы. Үшінші – достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез –құлықтарды екшей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.

Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастырының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз. Десекте кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз. Ендеше баламыздың бойындағы осындай қасиеттерді танып білу үшін «Менің балам ...» ойынын жүргізейік!

Тапсырма: «Менің балам …» деген сөзді жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі. Ата –аналарға алдын-ала дайындалған кеспе қағазы беріледі.

Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады. Енді өзіңіз жазған балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз?
1. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары.
2. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.

Рефлексия 1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз? 2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?

V жаттығу. Қорытындылау. «Тілек шамы»

Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.        

Мектеп психологтары:  Ж.Т.Рустемова, А.Н.Жакупова

************************************************************************************
Баланы тәрбиелеуде ұсақ – түйек нәрсе жоқ.

Ұстаздар ықпалымен мектеп пен отбасы ынтымақтастығын құру, ата – аналардың педагогикалық білімін жетілдіру бүгінгі күнде, қоғам қажеттілігінен туындап отырған көкейкесті мәселе.

Ата – ана мен мектеп байланысындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәрбиелеудегі үйлесімділікке бастайтын әдіс  ата – ананың сабаққа, ашық тәрбие сағаттарына, мектеп өміріндегі мәдени шараларға және мектептің жиналыстарына қатысуы.

АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

-          Ата – аналардың өз балаларының мектептегі өміріне көзқарасын анықтау;

-          Ата – ананың мектептен қандай үміт күтетінін білу;

-          Мектеп пен жанұя арасындағы баланы тәрбиелеуде жауапкершіліктің өзара қалай бөлінетіндігін анықтау.

 

      

Кезең

Кезең мақсаты

Психологтың сөзі, нұсқау

Ескерту

Кіріспе

Алға мақсат пен міндет қою, ойынға қатысушыларға шағын кіріспе.

Бүгін бізде ерекше ата- аналар жиналысы. Бұл жиналыс психологиялық ойын түрінде өтеді. Сондықтан біз бүгін шеңбер құрып отырамыз және бәріміз де осы ойынға қатысамыз. Құрметті ата –аналар, сіздер өз балаларыңызды бізге сеніп тапсырасыздар. Бүгінгі кездесудің міндеті – ақылдасу. Біз баланы оқыту мен тәрбиелеуде алдымызға қандай да бір мақсат қоямыз және сіздер де өз балаңыздың тәртіпті, білімді болғанын қалайсыз. Ол үшін не істеу керек екенің бірге талқылайық.

 

Ойынға қатысушыларды қыздыру

Ата – аналардың бір – бірімен танысуы;

Қатысушыларды ойынға дайындау;

Мектептегі баласы мен ата – анасының өз тәжірибесін салыстыруы;

Ата – анаға мектеп өміріндегі кейбір көңілі толмайтын жайттарды айтуға мүмкіндік беру.

Құрметті ата – аналар, ал енді бірнеше минут тыныштықта ойланыңыздар.

    Балаңыздың алғаш мектеп табалдырығын аттап, оқушы атануы  сізге қандай ой салды?

     Балаңыздың  мектеп өміріне бейімделуі дегенді қалай түсінесіз?

     Қазір допты бір-бірімізге бере отырып, 1-ші өзіңізді таныстырасыз, сосын сол кезде не маңызды болды соны айтуыңызды сұраймын.

 

Бала тәрбиелеуге кім жауап беретіні жөнінде қате пікір

Ата – аналардың бала тәрбиелеуде қандай жауапкершілікті мектепке артып отырғанын айқындау және оны қаншалықты бөліскілері келетінін анықтау.

Өзара жауапкершілікті бөлісуді көрсететін ата – аналарға 3 схема көрсетіледі.

А) бала тәрбиелеуде барлық жауапкершілік мектепке жүктеледі (мектепті көрсететін шеңбер жанұяны көрсететін шеңберді толықтай жауып тұр).

Ә) жауапкершілікті отбасы мен жанұя тең бөледі ( шеңберлер қиылысады).

Б) мектеп оқытады, ал баланы тәрбиелеу жанұның жұмысы (жанұя шеңбері мектеп шеңберін жабады).

Таңдаңыз, осының ішінде қайсысы сізге жақын.

Ол үшін 6 шеңбер пайдаланылады. 3-і бір түс және 3-і басқа түс. Әрбір үлгі 2 шеңбердің қиылысуы мен салынуынан тұрады. Мектеп пен жанұя әртүсті шеңбермен белгіленеді.

Ата – ана, мектеп біріге отырып мақсаттарды айқындау.

Мектепке қойған сауалдарының мәнін, ата-аналардың жете түсінуі.

3-5 адамнан бірігіп мектеп бітіргенде бала бойында қандай қасиеттер болғанын қалайтыны туралы тізім жасау;

Барлық топ кезекпен кезек қасиеттерді айта отырып, жалпы тізім жасау.

Топтар бойынша тізім ватманға түсіріледі.

Нәтижені талдау.

Жауапкершілікті бөлу

Ал енді алынған нәтижені талдайық. Сапа, бағыттар бойынша сұрыпталады.

 

Қорытынды

Рефлексия

Біз бүгін көп жұмыс істедік. Өз ойларыңызбен бөлісіңіздер, өзіңізге маңызды болатын не білдіңіз? Біз ұйымдастырған жиналыс сіз үшін маңызды болды ма?

 

            Сонымен, жеткіншектердің даму ерекшеліктерінің кейбір мәселелерін былайша тұжырымдауға болады:

-          Жеткіншектік жас кезеңі бала өміріндегі ең маңызды даму кезеңі болып табылады;

-          Азаматтың қалыптасуы осы кезеңге сәйкес келетін болғандықтан мектеп психологы, сынып жетекшісі және ата-ана одағы арасында ынтымақтастық берік болуын қамтамасыз ету маңызды.

 

Ата-ана ұстанымының бала дамуына әсері

 

Әрбір бала үшін өз ата-анасынан артық ешкім жоқ, олар ең ақылды, әдемі, күшті. Ата-ананың әділеттілігі, айтқан сөзі мен істеген ісінің дұрыстығына кәміл сенетіндігін балалардың «Мамам айтты...», «Папам осылай істе деген» сияқты сөз саптауларынан байқауға болады. Үлкен адамдар өзінің қажеттіліктеріне орай, қоршаған ортаның талабына күмән келтіріп, салмақтап қарсы тұруға, қабылдамауға қабілетті. Олар астар санаға қажет емес деп санаған ұстанымдарды саналы түрде өткізбейді. ( «Шылым – денсаулыққа зиян!» - шеккім келді, шегемін).

            Ал, балалар олай істей алмайды. Олардың ата-анамен қарым-қатынаста психологиялық қорғаныс жасауға баланың мүмкіндігі жоқ, ол естіп көргенін бұлжытпай қабылдап, бойға сіңіреді. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейтін халық нақылы осындайда айтылады.

Әрине, ата-ана ұстанымының басым бөлігі жағымды, баланың дұрыс дамуына бағыт береді. Әуелден қалыптасып, атадан балаға жеткен жағымды ұстанымдардың мысалын көптеген мақал-мәтелдер мен ұлағатты сөздерден, ертегі аңыздардан байқауға болады:

Кісі көрсең есікке,

Жүгіре шық кешікпе,

Қарсы алмасаң мейманды

Кесір болар несіпке.

(Үмбетей ақын)

            Сіз төмендегі ескерту, шектеулерді қаншалықты жиі айтасыз:

-          Баршы, қазір меніңі қолым бос емес.

-          Қарашы, тағы не бүлдірдің?!

-          Дұрыс емес!

-          Сен мені жынды қылатын шығарсың!

-          Әкең (немесе шешең) екеуіңнің менсіз күндерің қараң қалар!

Таныс қой?! Солай емес пе? Мұндай сөздер баланың астар санасына сіңіп қалады. Ал кейін есейе келе балаңыз тұйықталып, сізбен сөйлескісі келмесе, өзіне өзі сенімсіз, ынжық болса, жалқау болса, ата-анасына деген сенімін жойса-таңқалмаңыз! «Не ексең, соны орасың!» баланы кіналап, кемшілігін бетіне басу, басқалармен салыстыру арқылы тәрбиелеу дұрыс емес. Баланың әр қадамына бақылау жасап, мінез-құлық, қылықтарына үнемі баға беру ісіне, қылығына түсіністікпен қарап, балаңыздың әр қорытынды шығаруға үйреткен жөн.

 

Баламен қарым-қатынастағы кейбір қателіктер:

Баланың астар санасында қабылдануы:

Дұрыс:

Жылама! Жаман балалар ғана жылайды!

Мен әлсіз, жаман баламын!

Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілдеп қаласың!

Әкесіне (шешесіне) ұқсап сүмірейіп тұрғанын қарашы!

Әкемді (шешемді) жек көреді

Сенің әкең (шешең) ең жақсы адам. Қандай ақылды еді! (жақсылықтарын ғана айтып отырыңыз)

Ой, ақымағым-ай»!

Менің ақымақтығымды жақсы көреді.

Балам менің ақылды, әдемі...(мақтауға тұрарлық іс, қылықты кімнен болса да табуға болады)

Тыңдамасаң, ауырып қаласың!

Ауырмау үшін өз бетіңмен ештеңе істемеу керек.

Неден ауырғанының себебін түсіндіріп, денсаулығының жақсаратындығына сендіру.

Біз сені жақсы болсын деп... (бала үшін істеген іс-әрекетіңіз) істедік, сен болсаң...

Мені ата-анам да жек көреді. Үмітін ақтай алмайтын босбелбеумін.

Біз сені жақсы көреміз, түсінеміз әлі-ақ бәрі орнына келеді.

Бәленбайдың баласын қарашы...

Мен одан кеммін.

Балаңызды мақтан тұтатыныңызды айтыңыз.

Сенің ақылың жететін іс емес...

Менің қолымнан ештеңе келмейді.

Менің ойымша ондайды сен де жасай аласың!

Үлкендердің ісіне араласпай, жайыңа отыр!

Мен түкке тұрмайтын байқұспын. Менің ойым ешкімге қызық емес.

Араластыруға болатын іс болса: «Қане, сенің ойың қалай?»-деп болмаса, «балам, бұл істің шешімін өзімізге қалдыр!»

Әйтеуір бәрін былықтырасың да жүресің!

Келесі жолы өздері істесін, енді ештеңе істемеймін

Әрбір адамның қателесуге құқы бар. Ештеңе етпейді, келесі де байқап істе.

           

Қазақ халқы сезімін сыртқа шығара бермейтін бұйығы халық қой. Дегенмен, балаңызға бауыр етіңіздің елжіреп тұратынын, қандай да жағдай болмасын қасынан табылуға ықтияр екеніңізді білдіріп отыру, балаңыздың жанын жадыратып, ара-қатынасыңызды жақындата түсетіні сөзсіз. Осы ретте Ғабит Мүсірепов жазушының «Ойың адал болғанымен,орындалуы олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың» деп айтқан сөзі сыйымды. Айтар ойды айшықты сөзбен жеткізе білу де үлкен өнер.

      
 

                                        

Психологиялық кеңес беру. Ата -аналарға арналған кеңестер мен ұсыныстар.

  • Бала әрдайым сіздің қолдауыңыз бен қорғауыңызды қажетсінетіндігін әрдайым есіңізде сақтаңыз;

  • балаңызды болмашы кемшіліктері үшін ұрысып, сөкпеңіз;

  • төменгі сынып оқушыларының оқу бағдарламасын  меңгере алмауының негізі    

денсаулығына байланысты болып келеді. Бала организмі өте әлсіз. Сондықтан 

балаңызға үнемі көңіл бөліңіз;

  • баланың танымдық, ақыл-ой деңгейінің дамуы оның жүйке жүйесіне байланысты болатынын ескеріңіз;

  • баланың ұсақ қол моторикасының дамуына, дыбыстарды дұрыс дыбыстай білуіне көңіл бөліңіз;

  • баланың сабақ оқуындағы кездесетін қиындықтарының бірі -  өзін-өзі басқара алмауынан  туындайды. Сол үшін баланың ынтасын арттырып, қызығушылығын тудыра отырып, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға көмек беріңіз;

  • баланы өз күшіне сендіріп үйретіңіз және «қолыңнан түк келмейді »деген ескерту баланы жасқаншақ ететінін есте ұстаңыз;

  • кез келген қиындықтар мен кедергілерді жеңу барысында  міндетті түрде арнайы мамандармен кеңес алыңыз.

    Қыркүйек айында өткен кеңес. 2015 жыл

************************************************************************************

Психологиялық көмек дегеніміз - оқушыларға, ата -аналар мен педагогтарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетудің ерекше формасы.

     Бірінші сыныпқа бару бала өміріндегі ең маңызды әрі ең қиын кезеңдердің бірі. Мектепке барған кезде баланың мінезі өзгеріп, жүйкесіне түсетін психологиялық салмақ ұлғаяды, сөйтіп эмоционалдық стрестік жағдайға түседі.

     Осының алдын алу мақсатында және ата- аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында бірінші сынып оқушыларының ата аналарына психологиялық  кеңестер берілді.

      1- сыныпқа қабылданған оқушылардың таным үрдісін зерттеу. Мектепке дайындығын анықтау мақсатында  тест тапсырмалар жүргізілді.

      1 және 5 сынып оқушыларына отбасы, қоршаған орта, туыстары, ата-анасымен қарым-қатынасының қандай екендігін анықтау мақсатында «Отбасы суреті», « Менің сыныбым» және «Әлемде жоқ жануар», «Сенің мектепке көзқарасың» проективті сурет әдістемесі қолданылып, жүргізілді. Оқушыларға  ата- ана тарапынан қаншалықты көңіл бөлінетіндігіне зерттеу жұмысы жүргізілді. Оқушыларға ата-ана  қамқорлығы мен  зейіннің қажет ететіндігі анықталды.

     Оқушыларға мейірімділік қасиетін дамыту тренингінің мақсаты балаларға мейірімділік шуағын шашуға, мейірімділік адам бойындағы асыл қасиет екенін түсіндіру және адамдардың жан дүниесінде жақсы қасиеттер қалыптастыру бұл тренинг 4-5 сыныптар арасында жүргізілді.

    2-3 сынып оқушыларына «Есту арқылы есте сақтау» жұмысы жүргізілді. Балалардың есту арқылы есте сақтауын анықтау үшін 4 нұсқадағы сөздер оқылады. Бала оқылған сөздің қаншалықты есте сақтағанын қағазға жазады. Неше сөзді есте сақтағаны арқылы оның деңгейін анықтаймыз. (1 мин)

     А.Р Лурияның 10 сөзді жаттау  әдістемесі. Мақсаты: зейіннің таңдамалылығын зеттеу, сөздік мағыналылық ойлау деңгейін бағалау, есте сақтаудың деңгейін анықтау. Бұл әдістеме 5- сыныптарда жүргізілді.

      Зейіннің таңдамалылығын  бағалау мақсатында Бурдонның әріптік және Монтессоридің сөздік тесті алынды

     Шатпақ әріптер арасынан сөз табатын және әріптер қатарынан  Е әріпін табатын әдістеме

 

 

Сыныбы

Сөз мағыналық ойлау

Ойлаудың рефлексивті белсенділігі

Есте сақтауы

Зейіннің таңдамалылығы

1-3

0, 65

0,69

0,81

0,65

4-5

0,74

0, 59

0,72

0, 69

 

    Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау мақсатында Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау және Н.Г. Лусканованың тесті алынды

Сыныбы

Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау әдістемесі

Н.Г. Лусканованың оқу мотивациясының деңгейлерін анықтау әдістемесі

 

1-3

62 %

70%

4-5

69%

62%

 

         Оқушылардың таным процестерін зерттеу, дамыту. Оқушылардың есте сақтау, ойлау, зейін, қиял қабылдау ерекшеліктерін анықтау, дамыту  2,3,4,5 -сыныптар « Ойлау икемділігін зерттеу» әдістемесі « Логикалық ойлау» әдістемесі жүргізілді
 

Оқушының  кәсіби  бағдарының  табандылығын  анықтау

           Кәсіби бағдар беру мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Осыған орай оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психологиялық-педагогикалық  көмек көрсету керек.

Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап беруге болады. Мектебімізде кәсіптік бағдар беру барысында  9 сынып оқушыларымен «Мен және менің сүйікті мамандығым» тренингі,  «Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар» «Өз болашағынды анықтауға мына ережелерді ұстан» кеңес берілді,  «Кәсіп таңдау» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Нәтижесінде оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.


 

Қазіргі таңда, қоғамда шешілмей тұрған мәселелер өте көп. Солардың бірі – жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің орын алуы.

Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының әлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі әлеуметтiк-экономикалық күйзелістің, дағдарыстық ахуалдың артуын халқымыздың келешегі болып саналатын жап-жас өрендеріміз көтере алмайды. Осыған орай, біздің мектебімізде кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтын алдын алу мақсатында 8 сынып оқушыларымен  (ХАДС) депрессия және қобалжу деңгейін анықтау диагностикасы жүргізілді.

Мекеме

Қатысушылардың жалпы саны

 

Қобалжу белгілері байқалмаған оқушылар саны

 

Депрессия белгілері байқалмаған оқушылар саны

 

Қобалжу белгілері аз байқалған оқушылар саны

 

Депрессия белгілері аз байқалған оқушылар саны

 

Қобалжу белгілері анықталған оқушылар саны

 

Депрессия белгілері анықталған оқушылар саны

 

№68 орта мектеп

90

77

73

11

17

2

0

  

8,9,10,11 сынып оқушылары арасында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сауалнамалар алынып, жұмыстар жүргізілді. Ондағы мақсат оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.


 

Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Сондықтан біздің мектебімізде 5,6,7 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында видеофильмдер көрсетіліп, нашақорлық зияны туралы оқушыларға ақпарат берілді. Оқушылар жүргізілген психологиялық жұмыстың нәтижесін өз ойларын топтаса бөліп, сурет арқылы қорғады. «Дені саудың жаны сау» деген пікірлер айтты.

 

************************************************************************************

«Наша
қорлық ғасыр -дерті»

           Нашақорлық – есірткі заттарын қолданғаннан оларға деген тәуелділік туындайтын, ағзаның тәндік және психикалық өзгеруіне, кей жағдайда өлімге әкеліп соқтыратын дерт. Нашақорлықтың жолына түскен адам өзінің азаматтық, адамгершілік қасиетін жоғалтып, имандылықтан біртіндеп айырылады, психикалық жағынан күйзеліске ұшырайды, достарын, отбасын жоғалтады,кәсібін, мамандығын тастап, жұмыссыз қалады, қылмыстық ортаға тап болады, жаппай жеңіліске ұшырайды.

           Есірткі қолданудың басты белгілері:

           -Көңіл – күйінің кенеттен бұзылуы;

-Ұйқы ырғағының бұзылуы;

-Тәбеті мен тамақтану әдетінің өзгеруі;

     Сонымен қатар, сабақтан қалуы, оқу үлгерімінің төмендеуі, үйден бағалы заттар мен ақшаның жоғалуы, сөйлеу мәнерінің өзгеруі, таблеткалардың, резеңке жгуттардың, инелердің, шприцтердің пайда болуы, көз қарашығы көлемінің өзгеруі, денесінің кез-келген жерінде тамырға жасалған ине іздерінің болуы мүмкін.

Есірткіге тәуелділік деген не?

-Есірткі қабылдауға деген құштарлық;

-Психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы;

-Есірткінің мөлшерін үнемі арттырып, қолдану мөлшерін бақылай алмау;

-Қоршаған ортаға қызығушылықтың төмендігі;

-Есірткінің зиянды зардаптарын біле тұра қолдануды жалғастыру.

 Жиында  мектеп психологы  Атамбаева Дина Жұмақанқызы. «Нашақорлық ғасыр -дерті» деген тақырыпта баяндама жасап, баяндамада қазіргі кездегі қоғамдағы «нашақорлықтың» алып отырған орны, адамзат баласының одан тартып отырған қайғы- қасіреттері туралы, жастарды бүгінгі күннен бастап отбасынан, мектеп қабырғасынан «нашақорлыққа» қарсы тұру және алдын алу мәселері бойынша түсініктемелер беріп, жастарға салауатты өмір салтының сақталуының қамқоршысы болу әр қайсымыздың жауапты міндетіміз, нашақорлыққа қарсы күресті жалпы халық болып жүргізуіміздің қажет екендігін атап өтті.
 

 




   
 



            

 


     
Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ-ның ювеналды полиция капитаны Жунусбекова Айжан Сериковна сөз сөйлеп, қазіргі қоғамда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар туралы хабарлама жасап, жастарды «нашақорлық», «шылым шегу» сияқты жат мінездерден аулақ болуға шақырды.





**************************************************************************

   Отбасымызға  ортақ  мамандық

             «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дегендей, адам баласы мектеп бітірген соң, өзі армандаған  бір   мамандық   иесі болады. Мамандық  дұрыс  таңдай  білген  адам: «Мамандығым  мақтанышым» деп отыра сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білуі керек.  Бүгінгі таңда « Отбасымызға ортақ мамандық »  тақырыбында 5-7  сыныптар арасында пікірталасқа  ата-аналары мен  балалары қатысты.  Пікірталастың мақсаты оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету. Баласының талантын танып, талабын құптаған ата-ана алғаш өзінің ұлы мен қызын өнер ұясына әкелген күннен бастап мектеп пен ата-ана арасында мызғымас берік қарым-қатынас орнайды. Ортақ мақсатқа жұмылдырылған күш әрқашан өз нәтижесін беріп келеді. Мамандық әлеміне саяхат жасайық дегендей сұрақтар мен тапсырмаларға әкелер де,аналар да белсене қатысып отырды. Оқушылар  «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында эссе жазып армандарын қағаз бетіне түсірді.
     
                                                                                                                           
Психолог кеңесі:Мамандық  таңдау-өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанұялық салтпен санасуға болады.                                                         
  -    Баланыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.                                
    -    Оның таңдаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып қолдаңыз.  
-    Мамандық таңдар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани                  қанағаттануын да естен шығармаңыз.                                                                                      
-   Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, кеңесші-мамандармен ақылдасыңыз.                                                                                                          
 -   Егер  балаңыз қандай бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, оған үйірмелер, әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.                                       

                                                             Мектеп психологы: Дина Жұмақанқызы                                  

                                                                              

                                              « Ана бақыты – бала бақыты »  

Мақсаты: Ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайта отырып,  бала тәрбиесіне  қатысты мәселелерді талқылау, еркін әңгіме жүргізу;

Аналармен ынтымақтастықты дамыту арқылы бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру;

Тренингтің түрі:  пікірталас.

Көрнекілігі:  интерактивтік тақта.

Барысы:-Қайырлы күн, аналар! Әр елдің өзіндік сәлемдесу рәсімдері болады екен, олай болса біздер ортаға шығып әуеннің ырғағымен билей жүріп, иықтармен, құлақтармен, маңдайлармен, қолдармен, тізелермен, табандармен амандасып шығайық.

Сіздермен біз қазір «өрмекшінің торы» ойынын ойнаймыз. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімді таныстырамын да, келесі адамға жіпті беремін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз. Қарасаңыздар, өрмекшінің торы шықты. Кері қайтармаймыз әрқашанда өрмекшідей бірге жүрейік.

-Құрметті аналар, бүгінгі біздің семинар тренингіміздің тақырыбы                                            « Ана бақыты – бала бақыты »   психолог сөзі...

Бейне таспа: Қазіргі қоғамдағы қазақ әйелінің бейнесі қандай болуы керек? Топқа бөлу:

1 топ “Жанұядағы тәрбие”

2 топ “Заманауи техниканың балаға әсері қандай?”

3-топ “Қыз бала тәрбиесі”

4-топ “Ұл бала тәрбиесі ”

«Жүректен шыққан жылы сөздер...»    атты сергіту сәтін ойнайық.

Сұрақ-жауап,  яғни сұрақтар өмірден алынған. Мысалы біз кейде балаларымызға «Ақымақсың сен қолыңдағының барлығын таратуға дайынсың...» дейміз, бұл - негативті қондырғы.Салдары жайлы ойласаңыз осы кезде балада өзін төмен бағалау,қызғаншақ,өзінің құрбыларымен қиындықтар өзімшілдік пайда болады . Сіз былай жауап беруіңіз керек: «Жарайсың! Сен қолыңдағыны өзгелермен бөлісесің! »- бұл позитивті қондырғы.

 

     №1

  1.«Басыма бәле болдың ғой».

  2.«Бұл  сенің ақылың   жететің жұмыс емес, араласпа!..»

 

  №2

  3.  « Қалыңырақ киін, ауырып қаларсың!»

  4.  «Сен  тура   әкең  сияқты жалқаусың...»

 

  №3

  5.  «Ешнәрсе  істей алмайсың,қолыңнан түк келмейді!»

  6.  «Өмір өте қиын: өскен соң білесің!..»

 

  №4

  7.   «Лассың, қопалсың!»

  8.  «Өзің  ешқандай  іс істеме,үлкендерден  рұхсат  сұра!»

   №1.  1. Өзін кінәлі сезіну, өзін төменбағалау, айналасындағыларға өшпенділік, бөтендік, ата-анасымен жанжал пайда болады.

    1.«Бақытымсың, қуанышымсың!»

  2.Өзін төмен бағалау,психикалық дамуында іркіліс,өзінің пікірінің жоқтығы,бөтендік,жанжал туады.

 2. «Ал,сен қалай ойлайсың?»

  №2.  3.Өзінің денсаулығына деген жоғары уайым,уайымдау,қорқыныш,жиі тұмау аурулары пайда болады..

  3. «Шынықсаң сау боласың!»

  4.Ата-анамен қарым-қатынастағы қиындықтар,бірбеткейлігі,ата-анасының қылығын қайталау қалыптасады.

  4. «Біздің әкеміз тамаша адам!»

  №3.  5.Өзінің күшіне деген сенімсіздік,өзін төмен бағалау,қорқыныш,өзінің денсаулығына деген жоғары қорқыныш,талапсыздық,мақсатқа жетуде жайбасарлық пайда болады.

  5. «Тағы бір істеп көр,сенің қолыңнан келеді!»

  6.Сенімсіздік,қорқақтық,еріксіздік,тағдырға мойынсыну,бақытсыз жағдайларға бейімділік,күмандану,пессимизм пайда болады.

    6. «Өмір қызық әрі тамаша! Барлығы жақсы болады!»

  №4  7.Өзін-өзі кінәлау,қорқыныш,өзіне және өзінің сыртқы келбетінекөңіл аудармау,достар таңдай білмеу.

  7. «Сен таза әрі жинақы кезіңде,саған қараған өте керемет!»

  8.Қорқыныш,өз-өзіне сенімсіздік,мақсатсыздық,үлкендерден қорқу,тәуекелсіздік,өзгелердің пікіріне тәуелділік,беймазалық пайда болады.

  8. «Сен күштісің,қолыңнан барлығы келеді.»

                                Тест  « Мен қандай анамын? »

Тест сұрақтарына жауап бере отыра, өзіңіздің қандай ана екеніңізді білуіңізге болады. Жауап берерде Сізге мынадай белгілерді кездестіресіз (18жас) немесе (15жас). Бұған түсінікпен қараңыз. Жай ғана өзіңіздің балаңыз 18 немесе 15 жаста өзін қалай ұстау керектігін көз алдыңа елестетіңіз. Барлық сұрақтарға жауап берген соң қай әріптің астында жауаптарыңыз көп шыққанын санаңыз. Егер, мысалы, Сізде жауаптардың көбі «г» әрпінің астында болса, Сіз зияткер-анасыз. Және де бұл тестің басты мақсаты Сіздің кемшіліктеріңізді өзіңізге көрсету емес, балаңызды дұрыс түсінуге көмектесу екенін ұмытпаңыз!

Егер сіздің жауаптарыңызда бір әріпке сәйкес келген жауаптар көп болса, онда сіз мынадай ананың түріне жатасыз:

А типі: «Тауық-ана» -  өзінің беделін отбасылық қақтығыстарды басу үшін де, бірде-бір адамды өз орнына қою үшін де пайдаланудан қорықпайды. Сіздің ұраныңыз – емдегенен гөрі, алдын-алу. Сондықтан, ойланбастан, кеңестеріңізді оңға да солға да бересіз –олар әрқашан ақылды кеңестер. Егер де сізді тыңдамаған біреу болса, ыстық кешірімдерін қабылдауға ақылдылығыңыз жетеді. Балалар өскен соң оларға қамқорлық таныту тілегіңіз олардан қолдау таппайды деп қорықпаңыз.

Б типі: «Жабысқыш –ана» - сіздің ойыңызша, анасы баласына бір минутқа да отыруға мұрша бермеу керек, сондықтан, сіз оған тіпті түкке тұрғысыз істерді де тапсырасыз.  Сіз балалардың өзіне таңдау жасауға жол бермейсіз және сізге дұрыс сияқты болып көрінетін нәрселерді істеуге кеңес бересі,оның үстіне жиі-жиі «Бұл сендердің игіліктерің үшін» деп қайталауды да ұмытпайсыз. Бірақ, сіздің үнемі қамқорлыққа алу тілегіңіз балаларыңыз үшін өмірде өздері қалаған нәрселеріне жетуге кедергі болуы мүмкін. Оларға сіздің тарапыңыздан келетін шегі жоқ қамқорлықтан құтылуға мүмкіндік беріңіз.

В типі: «Импрессарио-ана» - сіздің балаңыздан артық әлемде ешкім жоқ деп санайсыз. Сіз тек қана бір тілегіңіздің орындалуын қалайсыз, балаларыңыздың талаптарын дұрыс бағалау, оларды басқа аналарға қойылған қақпан сияқты орналасқан әртүрлі салтанаттарға шығаруға мәжбүр етіп, әртүрлі салада көру, және де сіз басқа аналардың балалары сіздікінен  артық өзін көрсете алмайтынын алдын-ала біліп отырасыз. Сіз өз балаларыңызды атаққұмар, мансапқұмар адам ретінде тәрбиелеймін деп ойланбайсыз.

Г типі: «Зияткер-ана» -  баланың тәрбиесі үлкен жайсыздықтарға байланысты, соның қалыпты жағдайда жүзеге асырылуы үшін теорияның қомақты үлесі қажет. Сізге осы жетіспейді. Сіз дастархан басын арнайы бала тәрбиесі үшін шақырған семинар өткізетін үстелге айналдырасыз және қатысып отырған әрбір адамға айтылғанның бәрін «конспектілеуге» итермелейсіз. Мұндай жағдайда сіздің шақырғандарыңыз тезірек кетсек екен дегеннен басқаны ойламайды. Тым өз ойыңызбен айналысып кетіп, сіз балаларыңыздың өмірінің эмоционалдық жағын және жеке проблемаларын ұмытып кетесіз.

Д типі: «Көкек -ана» - аналардың мұндай түрі балалармен айналысқанның орнына елге көрініп, кештерге барып, ресторандарда тамақтануға құмартып тұрады. Шынында да, баланы тәрбиелеу сіздің уақытыңызға және қалыпты өмір сүру дәстүріне шек қоятыны анық. Сіз қорғаушы –періштенің толық қарама –қарсылығысыз. Өзіңіздің балаңызды күтушіге тапсырып қойып, өзіңіздің ата-аналық рөліңізді ұмытасыз және оның көзінше тауық-ана болып көріну артық деген ойға келесіз. Сіз, балаларыңыздың сұраныстары мен талаптарын елемей жүргеніңізге, ешқашанда, сол үшін, кішкене болса да, ұялу немесе қысылуды білмейсіз.

Е типі: «Супер ана» - сіз үлгілі анаға мысал боласыз. Берік, өзіне сенімді, ешқашан ештеңеге наразылық білдірмейтін, таңертең әтештермен бірге тұрып, кеш жататын ана. Сіздің күніңіз шаруашылық және үй жұмыстарымен бірдей толықтырылған. Батыл және көңілді, сіз біруақытта жақсы ана және тамаша әйел болып үлгере аласыз. Іскерлік әңгіме жүргізе отыра, сіз балаңыздың жағдайын білу үшін үйге телефон шалып үлгеруге дайынсыз. Сонымен қатар, сіз тек қана супер емес, мәңгілік анасыз. Және де сіздің күйеуіңіз үшін: сіздің жаныңызда ол басқа біреу емес, тек қана «супер әке» бола алады.

Ән: «Ана туралы»    орындайтын: Майданов Нияз

Кері байланыс...

Қорытынды.

 




Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы

         Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді  немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

Статистика:

         Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

Жыл мезгілі

         Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

         Суицид алдындағы синдром: Суицидтке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.

         Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.

Суицидке кімдер бейім

Суицидке  көбінесе келесі топтағылар бейім:

  • Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған). Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды 

  • Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын 

  • Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік (аутоагрессия) 

  • Отбасында болған суицид 

  • Ішімдікке салыну. Ішімдікпен ауыратын адамдардың суицидке бару тәуекелділігі өте жоғары. Бұл аурудың 25–30% өзіне-өзі қол салушылыққа қатысы бар; жастар арасында одан да жоғары – 50%. Ішімдікке салынудың ұзақтығы депрессияның, өзіне кінә артудың және психикалық бұзылудың күшеюіне әсер етеді, яғни мәлім болғанындай, бұл жағдайлар көбінесе суицидтке итермелейтіні белгілі. 

  • Есірткіні және токсикалық (иісті) заттарды үнемі қолдану. Есірткі мен ішімдік сәйкес түрде қайғылы жадайға душар етеді. Олар адамның өзін-өзі бақылай алу қабілетін төмендетеді, депрессияны күшейтеді немесе тіпті психозды қоздырады. 

  • Аффектілік бұзылыстар, әсіресе ауыр депрессия (психопатологиялық синдром) 

  • Созылмалы немесе өлімге әкелетін аурулар; 

  • Ауыр қайғы, мысалы жұбайының (әке-шешесінің) қайтыс болуы, әсіресе бірінші жыл ішінде 

  • Отбасы мәселелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, қосағынан айырылу, масқара болу, арының тапталуы, аяғы ауыр болып қалу, жыныстық мәселелер. 

 

Адамдардың тәуекел топ қатарына түсуі бірден суицидке бейімділігін аңғартпайды.  Өзіне-өзі қол салушылықтың қандай да бір-ақ себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті меңзейтін ишараларға аса маңыздылықпен қарау керек. Қауіпті белгілердің тіркесін, егер олар белгілі бір уақыт ішінде сақталатын болса, ерекше қырағылықпен назарда ұстау керек. Көмек туралы жан айғай әрқашан да қол ұшын соза білетін адамның жауап әрекетіне мұқтаж.

Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.

Суицидтік қауіпті топ

  • Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік  немесе есірткі қолданатындар; 

  • Өзін тым қатты сынауға алатындар; 

  • Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар; 

  • Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік» синдромы 

  • Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар 

 

Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:

  • Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;

  • Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;

  • Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;

  • Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;

  • Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;

  • Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу

  • Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі

  • Өлім туралы ойларға берілу

  • Болашаққа жоспар жасамау

  • Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты  туындайтын ашу-ызаға булығу

 

 

Сыртқы белгілері

 

  • бет-бейнесі мұңлы

  • гипомимия

  • амимия

  • даусы ақырын бірсарынды

  • сөзі баяу

  • қысқа жауап қайыру

  • жауап қайтармау

  • шапшаң тоқтамай сөйлеу

  • дауыс ырғағы өзгерген

  • бұрқылдау

  • жылауға бейім

  • жалпы қозғалысының тежелуі

  • әрекетсіздік, адинамия

  • қозғалыстың қозуы

 

Эмоционалдық бұзылыстар

  • іш пысу

  • мұңаю

  • уайымшылдық

  • салы суға кету

  • түсі суық, қабағы қатыңқы

  • жауласу

  • ызақор

  • бұрқылдап ұрсысу

  • ызыңдап сөйлеу

  • айналасындағылармен жағымсыз, өштік қарым-қатынас

  • айналасындағылардың игілігіне жеккөрушілік сезіммен қарау

  • өзінің дене бітіміне көңілі толмау

  • өзіне, айналасындағыларға селқос қатынас

  • сезімінің жоғалуы

  • мазасыздану

  • қорқыныш

  • бұрынғыны аңсау

  • шарасыздықтан ашыну

  • айналасындағы қуанышты оқиғаларға қатулы көңілмен қарау

 

Психикалық аурулар

  • депрессия

  • себепсіз қорқыныш, ішкі қысым және мазасыздануды сипаттайтын невроздар

  • маниакалды-депрессивті психоз

  • шизофрения

 

Өз өмірін бағалау

  • өзінің өткен өмірін пессимистік бағалау

  • бұрынғы жағымсыз оқиғаларды таңдап еске түсіру

  • өзінің қазіргі жағдайын пессимистік бағалау

  • болашақ жоспардың болмауы

 

Айналасындағылармен қарым-қатынас

  • кісікиіктік, араласудан қашу

  • айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылу, тілектестікті іздеу, дәрігерден көмек іздеп шағымдану

  • жылауға бейімділік

  • кінәмшілдік

  • өзінің азабына эгоцентристік бағытталу

 

Вегетативтік бұзылыстар

  • көзінің жасаурауы

  • қарашығының ұлғаюы

  • аузы кебу

  • тахикардия

  • артерия қысымының жоғарлауы

  • дем алысының тарылғанын, ауа жетіспеушілікті сезіну

  • тамағында түйір сезіну

  • бас аурулары

  • ұйқысыздық

  • ұйқыбастық

  • ұйқы ырғағының бұзылуы

  • ұйқыны сезінудің жоғалуы

  • кеудеде ауырлықты, жан ауруын сезіну

  • іш қату

  • дене салмағының төмендеуі

  • дене салмағының ауырлауы

  • тәбеттің төмендеуі

  • тамақты дәмсіз сезіну

  • жыныстық құштарлықтың төмендеуі

  • етеккірдің бұзылуы

Тәулік ішіндегі жағдайының динамикасы

  • кешке қарай жақсаруы

  • кешке қарай құлдырауы

  
Депрессия

         Суицидке бейімділікті көрсететін көптеген сипаттамалар депрессия көріністерімен ұқсас болып келеді. Оның негізгі белгісі болып өмірде бұрын қуаныш сыйлайтын, бақыт әкелетін заттардан ләззат алу,  сүйсіну сезімдерін басынан кешіру мүмкіндіктерін жоғалту болып табылады.  Қылықтары мен көңіл-күйі құрдымға кетеді және талғамсыз бола бастайды. Психика күшті сезімдерден айрылады. Адамның бойын үмітсіздік, кінәмшілдік, өзін-өзі сынау және ашуланшақтық билейді. Қимыл әрекеті бәсеңдейді немесе, керісінше, шағымға, кінәлауға немесе көмек сұрауға толы қатты, шапшаң, тіпті тоқтаусыз сөйлеуге душар болады. Ұйқының бұзылуы немесе толқын бейнелі шаршау жағдайлары жиі болады.  Дірілдеу, ерні кезеру және дем алысының жиілеуі сияқты соматикалық белгілері пайда болады. Жайдан-жай, ешқандай себепсіз басының, бүйірінің немесе ішінің ауырғанын сезінген соматикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Ауру адам өзінің қажетсіздігіне, күнәлі екендігіне және пайдасыздығына иланып, өмір сүру түкке тұрғысыз деген шешімге келеді.

         Суицидтік әрекет басқа да психологиялық бұзылыстарда көрінуі мүмкін. Мұндай аурулардың үш негізгі түрі бар. Біріншіден, себепсіз қорқыныш, ішкі қысым немесе мазасыздық сипаттағы невроздар. Неврозбен ауырған адам айналасындағы шындықпен байланыс жоғалтпайды, бірақ онда айналасындағы қоршаған дүниеге деген сенімі жоғалып, барлығынан сезіктеніп, масасыздық билеп алады. Моральдық қалыптың, азат ойдың жетіспеуінен немесе айналасындағылармен қарым-қатынасының қиындығы нәтижесінде қылық сипатындағы немесе тұлғалық түрдегі мәселелер туындайды. Бұл адамдар жан дүниесі бұзылысымен ауырмайды, сонда да өзін кінәлі ретінде сезінбей бейәлеуметтік тұрғыдағы әрекеттер жасауы мүмкін.   

Созылмалы депрессия және жалғыздық қауіп тудырады, егер:

  • бұрын жақсы сезіммен қараған адамдарға өшігу сезімі;

  • қандай-да бір нәрсеге қызығушылық жоқ;

  • денсаулығы нашарлап кеткен;

  • дәрілерге немесе ішімдікке тәуелділікке ұшыраған;

  • қоғамдағы адамдардай қашқақтау және көбінесе жалғыз қалғанды ұнатады;

  • өзіне-өзі қол жұмсау ойы мазалайды.

 

Суицидтік әрекетті болдырмау

  • психологиялық  қозу күшін бәсеңдету;

  • суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;

  • әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;

  • өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

Түзету

        Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.

Көмектесу үшін не істеуге болады?

1. Суицидке бару себебін ашатын кілтті табу керек. Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап,  жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.

2. Қамқорлық қарым-қатынас орнатыңыз. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.   

3. Мұқият тыңдай білетін тыңдаушы болыңыз. Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын,  тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

4. Алмастыра алатын әрекеттер ұсыныңыз. Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы              ойлануды сұраңыз. 
Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін психикалық дискомфорттың  бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу керек.

5. Үміт ұялатыңыз. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де пайда болады.

6. Жоғары суицидтік тәуекел жағдайында адамды жалғыз қалдырмаңыз. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек келгенге дейін  оның жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз немесе біреуге тапсырыңыз. Мүмкін жедел жәрдем стансасына қоңырау шалу керек болар немесе емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі бір жауапкершілік артады.

7. Мамандардан көмек сұраңыз. Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған, түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді.

Жасөспірімдер үшін шұғыл психологиялық көмек кабинеті №3 қалалық емхананың №8 кабинетінде орналасқан

  Ересектер үшін шұғыл психологиялық көмек кабинеті №4 қалалық емхананың №300 кабинетінде орналасқан, алдын ала жазылу 51-88-42 телефоны бойынша

Сенім телефоны 54-76-03, тәулік бойы, тегін, анонимдік түрде жұмыс істейді.

Суицидтік үрдісті басынан кешіргендер үшін имам, молла сияқты діни адамдар нағыз қолдаушы ретінде көмекке келе алады. Көптеген дінге қызмет ететін адамдар түсіне білетін, елгезек және сенімге лайық тамаша кеңесшілер болып келеді.  

Отбасылық дәрігерлер де сенімді көмек көрсете алады. Олар, әдеттегідей, жақсы ақпараттандырылған, жағдаятты байыпты бағалай алады және адамды білгір маманға бағыттай біледі. Басында, пациент әлі білікті көмек алмай тұрғанда, отбасылық дәрігер оған үдемелі депрессивті жағдайды бәсеңдету үшін қажетті препарат тағайындауы мүмкін.

Суицидтік қауіп кезінде психиатрлар немесе клиникалық психологтардың көмегіне жүгінбей кетуге болмайды. Жедел психиатриялық көмек телефоны 54-76-23. Бұл мамандар өздерінің білімі, білігі және психотерапиялық ықпалы арқасында адамның құпиялы сезімдерін,  қажеттіліктерін және күтілетін тілектерін түсіне білетін керемет қабілеттерге ие.

Кейде суицидке бейім адамдарға көмектің жалғыз таңдамалы жолы ретінде егер жағдай тым қиын болса психиатриялық ауруханаға емделуге жатқызу болып табылады. Кешіктіру қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу ауру адамға да, оның отбасына да жеңілдік беруі мүмкін.

8. Қамқорлық және қолдау көрсетуді сақтаудың маңыздылығы. Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан кейін өзіне-өзң қол салады.

Loading...