-
Баланың жетістігін байқап, көре білу керек.
-
Жақсы сынып жетекші болғыңыз келсе онда талмай ізденіп, ешқашан жалықпаңыз.
-
Балаларды бетінен қақпаңыз, ақылмен жол көрсетіңіз.
-
Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырысыңыз.
-
Эстетикалық талғамыңыз жоғары болсын. Балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдыққа, жарастықты сәнге жетелей біліңіз.
-
Балалардың қателескенінен қорықпаңыз, ол келешекте сабақ болады.
-
Өз уақытыңызды да, балалардың уақытын да бағалай біліңіз.
-
Оқушыларға өз істерінің түпкі нәтижесін көрсететін істерді тапсырыңыз.
-
Жас болып қалғыңыз келсе, оқушылардың арасында ұзақ жылдар жұмыс істеңіз.
-
Өз жұмысыңызды күнкөріс қамы деп ұқпаңыз, жұмыс орнында өзіңізді дүниенің патшасындай сезініңіз.
-
Оқушының ісіндегі әрбір қайшылықты көре біліңіз, кейде байқамаған болыңыз.
-
Үнемі кінәліні іздеп, тықақтай бермеңіз.
-
Неғұрлым әділ болсаңыз, соғұрлым мәртебелі боласыз.
-
Оқушыға жұмыс тапсырсаңыз, ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтырыңыз.
-
Өзіңіз оңаша жұмыс істемеңіз, барлық уақытта балалармен кеңесіп отырыңыз.
-
Ашулансаңыз ашуыңыз ұзаққа созылмасын, тез ұмытуға тырысыңыз.
-
Мектеп-қоғам-отбасы осы 3 ұғымның беріктігін сақтаңыз.
-
Мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы жақындастықты үзбеңіз, керісінше нығайта түсіңіз.
-
Баланың тағдырына ойланып қараңыз.
-
Баланы таң қалдыруды ұмытпаңыз, даналыққа ұмтылу таңқалудан басталады.